Талдықорғанда такси жүргізушісін айуандықпен өлтіріп кетті

11.01.2019 15:11

Полицейлер куәгерлерді тауып, қылмысқа қатысы бар тұлғаларды анықтауға кірісті.

Талдықорған полицейлері желтоқсанның соңында із-түзсіз жоғалып кеткен 42 жастағы ер адамды өлтіру фактісі бойынша істі тергеп жатыр, деп хабарлады Sputnik Қазақстан.

Golf 3 маркалы өртенген көліктің фотосы жергілікті kris_p_tdk паблигінде жарияланып, интернет қолданушылар арасында дүрбелең туғызды.

Полиция ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабында («Кісі өлтіру») қарастырылған қылмыстық тергеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлай отырып, қажетті ақпаратты берді.

«Автокөлік 5 қаңтарда табылды. Тексеру кезінде иномарка өткен жылдың соңында із-түзсіз жоғалып кеткен 42 жастағы жергілікті тұрғынға тиесілі екені анықталды. 7 қаңтарда табылған зардап шегушінің мәйітінде зорлықпен өлтірудің айқын белгілері бар», — деп хабарлады Алматы облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Талдықорған полицейлері куәгерлерді тауып, осы қылмысқа қатысы бар тұлғаларды анықтауға бағытталған жедел іздестіру шараларына жұмылдырылды.