Жасөспірім ұлын қылмысқа итермелеген әйел қолға түсті

26.12.2018 15:13

Гонконгта тұратын әйелге бір топ жасөспірімді ұрлыққа итермеледі деген айып тағылды, деп жазады South China Morning Post ақпарат агенттігіне сілтеме жасап sputniknews.kz.

Басылым хабарлағандай, 47 жастағы әйел мен 14-16 жас шамасындағы жасөспірімдер арасында әйелдің ұлы да бар. Рождество қарсаңында қамауға алынды. Күдікті әйелге ұрлық мақсатында сыбайласу және қылмысқа арандату деген айыптаулар тағылды. Ер балалар айыпталған жоқ, кепілмен босатылған. Қаңтар айында тағы да полиция бөлімшесіне баруы тиіс. 

Қылмыстық полиция қызметкерінің айтуынша, 16-17 желтоқсанда Гонконгтың кедей аудандарының бірінде бір рет ұрлық жасалып, екінші тонаушылық сәтсіз болған. Жәбірленушілер егде жастағы екі әйел. Кеш қарайған шақта төрт-бес адам келіп, әйелдердің аузын жауып, мойнынан қылқындырып, бағалы заттарын алып кетуге тырысқан.

Сөйтіп, зардап шеккендердің бірі 56 жастағы әйелдің бір мың доллардан астам қаражатын ұрлап кеткен. Ал екінші 55 жастағы әйел қарсылық көрсетіп, көмекке шақырған соң, ұрылар құр қол кетуге мәжбүр болыпты.