Ақтөбе қаласындағы концерттердің бірінде сахнаға жантая кетіп әжеймен бірге суретке түспек болған Төреғалидің басы тағы да дауға қалды, деп хабарлайды sputniknews.kz.
Басы даудан арылмайтын Төреғали қоғамға қатты өкпелі көрінеді. Айтуынша, шет аймақтардағы ән кештерінде жұлдызды аяқтан шалғысы келетіндердің қарасы көбейген. Өткен жылдың соңында керекулік қариямен ерегескен әнші бұл жолы ақтөбелік әжеге қатысты әңгіменің шетін шығарды.
Хитмен халықпен қауыша қалса, хейтерлердің құрығына ілінеді екен. Жайсыз жағдайлардың бірі Ақтөбеде болған.
«Ақтөбенің сахнасы биік екен. Апа суретке түсе қояйын деп жаныма келді. Сахнаға отырсам басым бұтымның арасына кіріп кетеді екен. Болмаған соң жантайып жаттым. Кейін апаны құшақтадым. Осыдан кейін «Төреғали Ақтөбеге келіп сахнада жатты» дегенді шығарып алыпты» — деп ашуланды әнші.