Гаити президентіне қастандық жасалды

18.10.2018 15:15

Белгісіз біреулер Гаити президенті Жовенель Моизге қастандық жасады, мемлекет басшысы зардап шеккен жоқ, деп хабарлайды РИА Новости.  

Жергілікті БАҚ мәліметінше, қастандық тәуелсіз Гаити республикасының негізін құрға әрі Жак І императоры атымен бірінші басшы болған Жан-Жак Дессаливнің қазасына 212 жыл өткеніне байланысты шара өтіп жатқан Пон-Руж қаласында болған.

Ұлт қаһарманының мемориалына гүл қою рәсімінде белгісіз біреулер президентке оқ атқан. Оққағарлары президентті қауіпсіз жерге жеткізіп үлгеріп, ешкім зардап шекпеген.

Президент қауіпсіздігі қызметінің екі қызметкері жараланған, олардың бірінің басына зақым келген. Оқиғаның өзге мән-жайы айтылмай отыр.