Аустралияда кішкентай қыз Рождество мейрамының қарсаңында әкесіне сыйлық жасап, ұлу қабыршағын сыйлаған. Алайда оның үстінде болған қауіпті сегізаяқтар өз уымен ер адамды өлтіре жаздады.
Бұл туралы Perth Now порталына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
24 желтоқсанда Аарон Пикс 11 жасар Софи және 7 жасар Уилл есімді балаларымен жағалауға барған. Сол кезде қызы ұлу қабыршағын тауып алып, әкесіне сыйлапты. Ер адам қызының сыйлығын шалбарының қалтасына салған.
Аарон үйіне келгеннен кейін ұлу қабыршағының үстінде қауіпті сегізаяқтар болғанын көреді. Олардың бірі ер адамның қолына түссе, екіншісі қалтасында қалған.
«Софи ұлудың қабыршақтарын тауып алып, олармен бірге жүзген. Бұл қайғылы жағдайға алып келуі мүмкін еді. Сонымен қатар сегізаяқ 15-20 минут көлемінде аяғымда болған», – дейді ер адам.
Мұнан кейін отағасы ғаламтордан сегізаяқтар туралы ақпарат іздей бастайды.
«Сен өзіңді шағып алғанын білмей қалуың мүмкін. Олар шаққанда ауырмайды. Осылайша, бірнеше минуттан кейін өліп кетуің ықтимал. Жаңа жыл қарсаңында балаларымның көз алдында өлу туралы ойлаудың өзі қорқынышты», – дейді ол.
Отбасы бірден жедел жәрдем шақырып, дәрігерлер Ааронды ауруханаға алып кетті. Оның аяғында аздаған бөртпелер пайда болыпты. Абырой болғанда, сегізаяқ ер адамды шақпаған және оның өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.
Дереккөз: Stan.kz