|
17.10.2018 | 10:15
1586

Петропавлда құрылыс алаңынан бірнеше адамның қаңқасы табылды

Петропавлда құрылыс алаңынан бірнеше адамның қаңқасы табылды

Петропавлда құрылыс жұмысы жүріп жатқан жаңа мектеп аумағынан бірнеше адамның қаңқасы табылды, деп хабарлайды stan.kz.

Құрылыс жұмысын жүргізіп жатқан бульдозердің табанына сүйек қаңқалары ілінген.

«Қазып жатыр едім, адамның бас сүйегін байқап, техниканы өшірдім. Жақындап қарасам,  аяқ-қолдардың да сүйегі лай болып жерден шошайып шығып тұр. Дереу тәртіп сақшыларын шақырдым», – дейді бульдозер жүргізушісі Алексей Гончаров.

Полицейлер 8 адамның сүйегін тапқан. Қазір медициналық-криминалдық сараптамаға жасалып жатыр. Алдымен қаңқаларды жер астында қанша уақыт жатқаны тексеріледі. Сүйектер ескі көрінгенімен, жақсы сақталған. Адам қаңқаларының қайдан пайда болғанын тарихшылар да зеттеп көрмек. Адам сүйектері азамат соғысы жылдары осы маңдағы шайқаста қаза болғандар болуы мүмкін деген болжам бар.



Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир