Индонезиядағы жер сілкінісінен 1200-ден астам адам қаза тапты

Индонезиядағы жер сілкінісінен 1200-ден астам адам қаза тапты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Индонезияның Сулавеси аралында болған жер сілкінісі мен ценами салдарынан қаза тапқандар саны 1,2 мың адамнан асты. Бұл туралы дүйсенбі күні The Straits Times басылымы Іздеу және құтқару ұлттық агенттігінің деректеріне сілтеме жасап хабарлайды6 деп жазады ҚазАқпарат.

«Құтқарушылардың айтуынша, құрбандар саны бұдан да көбейеді. Себебі6 зілзаланың ошағы орналасқан (магнитудасы 7,4) Дунгала ауданынан (Орталық Сулавеси провинциясы) жаңа мәліметтер түсе бастаған», – деп жазды газет.

Еске салайық, жұма, 28 қыркүйек күні Паулу қаласына жақын орналасқан Сулавеси аралында 6,1 және 7,4 магнитудасымен екі жер сілкінісі болды. Қуатты жерасты дүмпулері биіктігі екі метрден асқан цунамидің туындауына әкеп соқтырды. Соңғы мәліметтер бойынша, 1,2 мыңнан астам адам қаза тапқан. Ел үкіметі бұл сан әлі де артуы мүмкіндігін жоққа шығармайды.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, екі күннен бері Сулавеси аралын астан-кестең еткен табиғи апаттан қаза тапқандар арасында қазақстандықтар жоқ.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Индонезия

Новости партнеров