|
20.12.2018 | 14:22
1996

ШҚО-да туберкулездің қауіпті түрін жұқтырған 6 адам іздестіріліп жатыр

 ШҚО-да туберкулездің қауіпті түрін жұқтырған 6 адам іздестіріліп жатыр

«Туберкулез ауруының алдың алу жолы - жаңа туған нәрестелерді вакцинациялау. Биыл облыс перзентханаларында 16950 шақалақ егілген. Бұл - жалпы туған балалардың 97,4 пайызы. Бұл туралы altaynews хабарлайды.

«Кейбір ата-аналар екпеден бас тартады. Ондай мәселе бар. Жыл басынан бері 94 баланың әке-шешесі вакцинация салдыртуға қарсы болды. Мұндай жағдайлар көбінесе Өскемен, Семей, Зырян қалаларында кездесті», - деп түсіндірді Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Шоранов.

Өкпе дертінің асқынған түрімен ауыратындар - қоғам үшін өте қаупті. Олар қоғамнан оқшаулануы тиіс. Облыста осындай 27 азамат бар. Олардың 25-і - бактерия таратушы. Қазір 15-і стационарда оқшауланған, 4-уі үйінде емделуде, ал қалған алтауы іздеуде жүр.

Сондай-ақ, түрмеден босап шыққан 21 ауру азамат есепке алынған.

«Науқастарға әлеуметтік көмек көрсетілуде. Осы жылдың 10 айында 848 науқасқа 56 265,4 мың теңге қаржы бөлінген. Келер жылдың 15 қаңтарына дейін біздің басқарма туберкулездің алдын алу бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеп, ұсынады», - деді Марат Шоранов.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир