Димаш ақтөбелік ұстазына тосынсый жасады

04.01.2019 15:22

Әнші Димаш Құдайберген ұстазы Марат Әйтімовті Жаңа жыл мерекесімен құттықтап барды. Тосынсый жасаған шәкірті өз тілегін білдірді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Aktobenews.kz сайтының дерегіне сүйеніп.

Димаш Құдайберген кеше ұстазы Марат Әйтімовке тосынсый жасап, Жаңа жыл мерекесімен құттықтап барды.

«Ойламаған жерден тосынсый болды! Жаңа жылмен құттықтап Димаш келді!!! Димашқа тек мықты денсаулық, ақ жол тілеймін. Үлкен шыңдардан аса бер,балам», - деді Димаштың ұстазы Инстаграм парақшасына.