Қазақстанның елтаңбасы өзгерді

01.11.2018 15:23

Елтаңбадағы «Қазақстан» сөзі латыншаға, «Qazaqstan» деп өзгертілді.

Елтаңбаны өзгерту туралы шешім 2018 жылдың 12 қыркүйегінде белгілі болған. Бұл туралы ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің өкілдері айтқан болатын.

Мұндай өзгерістер Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы»  жарлығына сәйкес енгізіліп отыр.