Страсбургтің көшелерінде болған атыс кезінде зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары тіркелмеген, деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметі.
«Француз полициясының алдын ала мәліметіне қарағанда, Страсбург қаласында орын алған атыстан қаза тапқандар мен жарақат алғандардың арасында Қазақстан азаматтары жоқ», - делінген хабарламада.