Досын өлтіріп, моншасына бетондап тастаған алматылық ұсталды

06.11.2018 15:24

Полицейлер жанжал барысында досын өлтіріп, із жасырып кетпек болған Алматы облысының азаматын ұстады. Бұл туралы Алматы облысы Полиция департментінің баспасөз қызметі мәлімдеді,  деп хабарлайды BAQ,kz.

«Күдікті жанжал барысында досын өлтіріп, денесін жаңадан салынып жатқан моншаның ішіне көмген. Полицейлер қылмыс орнынан бой тасалаған азаматтың қайда екенін анықтап, өзге облыс аумағында ұстады», - делінген департамент таратхан хабарламада.

Оқиға Есік қаласында орын алған. Қайтыс болған 31 жастағы азамат жеке үйінің жөндеу жұмыстарына көмектесу үшін танысын шақырған. Түнде екі достың арасында жанжал туындап, 34 жастағы жігіт танысын өлтірген. Қылмыстық әрекетін жасыру мақсатында марқұмның денесін құрылысы аяқталмаған моншасының ішіне көміп, еденді бетонмен құйып тастаған. Оқиға орынан белгісіз бағытта бой тасалаған.

«Жедел іздестіру шаралары барысында тәртіп сақшылары адам өліміне қылмыс орынан із суытқан күдіктіні Түркістан облысы аумағында қолға түсірді. Қазіргі таңда ол Еңбекшіқазақ ауданының уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Бұл фактіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», - деп атап өтті полиция өкілдері.