ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Азаматтық авиация комитеті Қазақстанның туристік аймақтарына қатынайтын әуе бағыттарын субсидиялауға конкурс жариялады. Бұл туралы комитеттің баспасөз қызметі хабарлады.
Авиация комитетінің ақпаратына сәйкес, конкурс еліміз аймақтарын байланыстыратын субсидияланған 16 әуе маршруты бойынша өткізіледі.
«Бұл ретте, Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында туристік аймақтарға қатынайтын әуе маршруттарын дамытуға ерекше назар аударылғанын атап өткен жөн. Осылайша, конкурсқа жіберілген әуе бағыттарының 10-ы Алакөл, Балқаш, Бұқтырма су қоймасы және Бурабай курортының туристік аймақтарының қолжетімділігін арттыруға бағытталған», - делінген хабарламада.
Конкурсқа келесі бағыттар ұсынылып отыр:
Қызылорда - Қарағанды - Қызылорда - 18 000 теңге,
Өскемен - Қарағанды - Өскемен - 20 000 теңге,
Шымкент - Петропавл - Шымкент - 20 000 теңге,
Алматы - Балқаш - Алматы - 14 мың,
Астана - Үржар - Астана - 16 000,
Астана - Үшарал - Астана - 16 000,
Көкшетау - Ақтау - Көкшетау - 20 000,
Көкшетау - Алматы-Көкшетау 18 000 теңге,
Петропавл - Астана - Петропавл - 10 000 теңге,
Петропавл - Алматы - Петропавл - 20 000 теңге,
Үржар - Алматы - Үржар - 14 000,
Талдықорған - Астана - Талдықорған - 24 500 теңге,
Үшарал - Алматы - Үшарал - 10 000,
Астана - Балқаш - Астана - 9 000 теңге,
Өскемен-Семей-Үржар-Семей-Өскемен (Өскемен-Семей - 4000, Өскемен - Үржар - 10 000, Семей - Уржар - 10 000),
Өскемен-Зайсан-Өскемен бағыты бойынша 8 000 теңге.
Сондай-ақ Баянауыл әуежайын іске қосқаннан кейін Астана-Баянауыл, Алматы-Баянауыл және Павлодар-Баянауыл әуе бағыттарын субсидиялау бағдарламасына қосу жоспарланып отыр. Конкурсқа жолаушылар тасымалын жүзеге асыруға рұқсаты бар Қазақстанның кез келген әуе компаниясы қатыса алады.
«Ұсынылған құжаттардың толықтығын бағалау және конкурстық өтінімдерді ашу 2018 жылдың 11 желтоқсанында өтеді», - делінген комитет ақпаратында.