Президент «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы арқылы халыққа не жеткізгісі келгенін айтты

Президент «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы арқылы халыққа не жеткізгісі келгенін айтты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы арқылы халыққа не жеткізгісі келгенін айтты, деп хабарлайды Бақ.кз.  

«Біздің түп-тамырымыз тереңге кетеді. Қазіргі италиялықтар – римдіктер емес, бірақ олар өз тарихын мақтан тұтады. Бүгінгі таңда Мысырда арабтар тұрады, бірақ олар перғауындар кезеңін ұмытпаған. Ресейдің де, Ұлыбританияның да, біздің де тарихымыз бай. Қазақтардың ғана емес, Қазақстанның бүкіл тұрғындарының тарихы бай. Осы Ұлы даламен қандай халықтар өтпеді дейсіздер. Сондықтан қазақ халқы баршаға бірдей қарайды. Біз тарихты «қазақтар ерекше екен» деу үшін еске алып жатқан жоқпыз. Құдай сақтасын. Жоқ. Біз өз түп-тамырымызды білу үшін еске алып отырмыз. Біздің Ұлы даламызда ғұн, сақ, түрік қағанаттарынан бастап бүгінгі күнге дейінгі түп-тамырымыз - ұлы. Мен жастарға осыны айтқым келді. Бұл баршамызды, қазақстандықтарды біріктіру үшін қажет», - деді Назарбаев елордада өткен VІІІ Азаматтық форум барысында.

Елбасы қазір мемлекеттер деңгейінде ортақ тұп-тамыр, ортақ тарих іздеу үрдісі жүріп жатқанын айтты.

«Біз баршамыз бірміз. Бізге бөлінудің орнына, бірігу керек, бір-бірімізді жақсы көру үшін ортақ нәрселер табуымыз қажет. Біз адамбыз, біз адам болып тудық, тек одан кейін бізге қандай ұлт екенімізді, қандай тілде сөйлейтінімізді айтты», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы жақында «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын жариялаған болатын.


Новости партнеров