19-25 қараша аралығына арналған ауа райы болжамы

16.11.2018 15:31

Алматыда күн қайта жылиды. Синоптиктердің болжауынша, ауа температурасы +9 градусқа дейін көтеріледі.

Дүйсенбі, 19 қарашада күн жылы болады. Термометр бағаны күндіз +2, түнде -6 градусты көрсетеді.  

Сейсенбі, 20 қарашада ауа температурасы күндіз +6, түнде -1 градус болады.

Сәрсенбі, 21 қарашада күн бұлтты болады. Күндіз термометр бағаны +4, түнде -3 градусты көрсетеді.

Бейсенбі, 22 қарашада күн бұлтты болады деп күтілуде. Ауа температурасы күндіз +7, түнде 0 градус болады.

Жұма,  23 қараша күні термометр бағаны күндіз +9, түнде +2 градусты көрсетеді. Күн бұлтты болады.

Сенбі, 24 қараша күні жауын жауады. Ауа температурасы күндіз +9, түнде +2 градус жылы болады.

Жексенбі, 25 қарашада термометр бағаны күндіз +9, түнде +1 градус көрсетеді. Күн бұлтты болады.

Ауа райы болжамы intellicast.com сервисінен алынған.