3 желтоқсанда құтқарушыларға Ержанов көшесінің бойындағы көпқабатты тұрғын үйдің пәтерінде жылан табылғаны туралы хабар түскен, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оқиға орнына Қарағанды облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары келді.
Анықталғандай, үй иесі жыланды қонақ бөлменің қақ ортасынан көрген. Құтқарушыларды шақырғанша ол белгісіз бағытқа қарай жылжып кеткен. Жылан ас бөлмеден табылған.
Абырой болғанда, бауырымен жорғалаушы улы емес болып шықты. Ауланған жылан ветеринарларға берілді. Оның қайдан келгені беймәлім.