Біртүрлі дыбыс шықты: әйелдің туысқандары жерлеу рәсімін тоқтатуға мәжбүр болды

19.12.2018 15:35

Марқұмның туыстары табытты алып, жақын маңдағы ауруханаға барған.

Аргентинада қайтыс болған 65 жастағы әйелдің туысқандары жерлеу рәсімін тоқтатуға мәжбүр болды, деп хабарлайды Sputnik.

Әйелдің денесін зиратқа әкетіп бара жатқанда, табыттан біртүрлі дыбыстар шыққан. Марқұмның туысқандары катафалк жүргізушісінен тез арада бағытты өзгертіп, жақын маңдағы ауруханаға апаруды талап еткен, деп хабарлайды Daily Mail.

Дәрігерлер әйелдің өлгеніне кем дегенде, 24 сағат болғанын растады. Басылым атап өткендей, біртүрлі дыбыстардың шығуына өлген әйелдің денесінен шыққан газ немесе сіресіп қалған дауыс желбезегі себеп болуы мүмкін.