Қостанайлықтарға жалпыхалықтық диктант бағасы қойылды

24.09.2018 15:35

Қостанай облысында қазақ тілінде жазылған жалпыхалықтық диктанттың қорытындысы жария етілді. Республикалық акция аясында өткен диктант жазу шарасына тілек білдірушілердің бәрі қатыса алды, деп хабарлайды alau.kz.

Көп ұзамай, осы шараға мұрындық болған Қазақстан халқы ассамблеясының Қостанай облыстық филиалы диктант нәтижелерін жария етті. Диктантты барлығы 17 636 адам жазған. 5 202 адамға «бестік» бағасы қойылса, 8 096 адам «жақсы» деген бағаға жазған, ал 4,5 қостанайлық «үштік» бағасын алған.  

Айта кетерлігі, жалпыхалықтық диктант жазу шарасының мақсаты – жеке сауаттылықты тексеру және мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру.  

Сурет / Sputnik