Ақтөбеде монтаждаушы 25 метр биіктіктен құлап мерт болды, деп хабарлайды Tengrinews.kz «АқтөбеТаймс» басылымына сілтеме жасап.
Басылымның мәліметінше, қайғылы жағдай Ақтөбенің №4 ферроқорытпа шығаратын балқытау цехында болған.
«2018 жылдың 16 қарашасында Ақтөбенің №4 ферроқорытпа шығаратын балқыту цехындағы учаскелердің бірінде қайғылы жағдай болды. «ГеоПроектСтрой ХХI» ЖШС мердігер ұйымының 42 жастағы қызметкері қаза болды», - деп хабарлады «Қазхром» АҚ корпоратив коммуникациялар қызметіндегілер.
Оқиға орнына құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен мемлекеттік еңбек инспекциясы қызметкерлері келген.
«Бригада 23,8 метр жерде монтаждау жұмыстарын жүргізіп жатқан. Сол сәтте монтаждаушы бір аумақтан екінші аумаққа өту кезінде құлап кеткен», - деді компаниядағылар.