Андрей есімді жанкүйерлер «Қайраттың» матчын тегін көре алады

08.11.2018 15:37

«Қайрат» – «Шахтер» кездесуі Андрей Аршавиннің қазақстандық клубтағы соңғы ойыны болады.

Аршавиннің кетуіне байланысты «Қайрат» «Сәлем, Андрей!» акциясын іске қосты.

Сонымен, Андрей есімді жанкүйерлер матчқа тегін кіре алады. Ол үшін Орталық стадионның кассасында жеке куәлігін көрсету керек, деп хабарлайды sputniknews.kz.

Еске сала кетейік, «Қайраттың» ойыншылары «Шахтермен» кездесетін күні, яғни 11 қарашада Андрей Аршавинді шығарып салу салтанаты өтеді.

Футбол клубының порталында хабарланғандай, ресейлік спортшы «Қайраттың» құрамында үш маусымда жүзден астам матч өткізіп, 30 гол соқты және 37 нәтижелі доп берді.

Ол клубпен бірге үш рет ел чемпионатының күмісін, Қазақстан Кубогы және Суперкубогын жеңіп алды.


Теги: фанаты