Қостанай облысында жыл басынан бері 123 көлік өртенген

15.10.2018 17:37

Қостанайда биыл 9 ай ішінде 123 техника отқа оранған, деп хабарлайды alau.kz.

Өртенген көліктердің 93-і жеңіл, 26-сы жүк көлігі. Сонымен қатар, 4 автобус пен 5 ауыл шаруашылығы техникасы жанып кеткен. Көбінесе ондай келеңсіздікке көлік иесінің өзі себепкер болады екен. Олар өрт қауіпсіздігін сақтамай, қатты қызатын тетіктерді тез тұтанатын заттармен орап қоюды әдетке айналдырған. Көлікті техникалық тексеруден өткізіп, ақауын анықтап, оны қалпына келтіруді де назардан тыс қалдырып жатады. Өртті сөндіремін деп жүріп адамдардың өздері зардап шегетін сәттері де аз емес.

«Алдын алу шаралары біздің тарапымыздан үздіксіз жүргізіліп отырады. Автокөлік иелеріне өрт қауіпсіздігін сақтау талаптары жазылған парақшалар таратамыз. Мұның сыртында ауызша ескерту, түсіндіру жұмыстары да қоса жүргізіледі», – деді Қостанай облыстық ТЖД бас инженері Тастемір Қосқұлақов.