Кесір тілігі ашылып кеткен әйел дәрігерлер келгенше ішек-қарынын қолымен ұстап отырған

Кесір тілігі ашылып кеткен әйел дәрігерлер келгенше ішек-қарынын қолымен ұстап отырған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ағылшын әйел босанғаннан кейін басынан өткен сұмдық жайт туралы айтып берді

Ұлыбритания тұрғыны босанғаннан кейін басынан өткен сұмдық жайтты айтып берді. Кесір тілігі ашылып кеткен әйел ішек-қарынын қолымен ұстап отыруға мәжбүр болды, деп хабарлайды New York Post басылымына сілтеме жасап sputniknews.kz.

Кесір тілігін жасағаннан кейін бес күн өткен соң Мел Бремнер душқа түсіп жатады. Су сабынды алайын деп еңкейе бергенде, қарнындағы тігісі сөгіліп кетіп, ішек-қарыны ақтарылып, түсе бастаған. Қолымен ұстап үлгерген ол күйеуін көмекке шақырады. Ер адам әйелді диванға отырғызып, сүлгі береді де, жедел жәрдемге хабарлайды.

Мел дәрігерлерді күтіп отырғанда түсірілген суретін де жариялапты. «Мына суретке қарасам, ішек-қарынымды өз қолыммен ұстап отырғаным еске түседі, кәдімгідей бүлкілдеп тұрды. Сұмдық еді», — дейді ол.

Бремнерді тез арада ауруханаға апарып, қайта ота жасаған. Ол екі күннен кейін үйіне оралды. Мамандардың айтуынша, жіп қысқа болғандықтан немесе дұрыс байланбағандықтан, тігіс тарқатылған болуы мүмкін.



Новости партнеров