Баланы ұрған әйел қамауға алынуы мүмкін
Жаңалықтармен бөлісіңіз
«Инстаграмм» әлеуметтік желісінде әйелдің кәмелет жасқа толмаған балаға дөрекі іс-әрекет жасағаны бойынша кезекті бейнежазба жарияланды.
Аталған жайт бойынша тексеру жұмыстары жүргізілуде, әйелдің жеке басы және оның жуырда жарияланған бейнежазбаға қатысы бар-жоғы анықталуда, деп хабарлайды Шымкент қаласы ПД-нің баспасөз қызметі.
Бірінші жайт бойынша ҚР ҚК-нің 140-бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде және аталған бапқа сәйкес, 200 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстарына немесе 180 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не 60 тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазалануы көзделген.
Әйелге қатысты тиісті сараптама тағайындалды.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
01.11.2026 14:14
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
01.11.2026 09:15
Эмоцияңызды бақылауда ұстаңыз: 31 қазанға арналған жұлдыз-жорамал
31.10.2026 09:54
Суды дұрыс ішу ережелері қандай
01.11.2026 16:36
Қарашада қай жұлдыз белгілерінің қаржылық жағдайы жақсарады
01.11.2026 12:33