Елімізде ескі көліктер үшін ақылы жолдарда жүру тарифі көтеріледі, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
«Қазавтожол» ҰҚ» өкілдері Kolesa.kz басылымына бұл тарифті 2-3 жылдан кейін енгізу жоспарланып отырғанын айтады.
«Ескі көлік иелеріне 2020-2021 жылдардан бастап ақылы жолдарда тарифті көтеру жоспарланып отыр. Сол уақытқа дейін ақылы тасжолдарға қатысты ережелерді реттейтін ресми құжаттарға өзгерістер енгізіледі. Нәтижесінде Еуро-4 стандартынан төмен көлік иелеріне жүру ақысы 20-30 пайызға қымбат болады», - дейді «Қазавтожол» ҰҚ» өкілдері.
Компаниядағылардың айтуынша, еліміздегі ақылы тасжолдармен
жүретін көліктердің экономикалық класы ІІМ базасы негізінде анықталады.
Осылайша олар өте жоғары тариф бойынша төлем жасайды.