Қостанай облысында аудандық ІІБ ғимаратына оқ атылды

17.10.2018 15:42

Қостанай облысында аудандық ІІБ ғимаратына оқ атылды. Төтенше жағдай Меңдіқара ауданы Боровской ауылында болған, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

16 қазанда белгісіз біреулер аудандық полиция бөлімшесіне оқ атып, оқиға орнынан жасырынған. Полициядағылардың мәліметінше, зардап шеккендер жоқ.

«Бұл дерек сотқа дейінгі бірыңғай тергеу реестріне тіркелді. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр», - деп хабарлады Қостанай облыстық ІІД баспасөз қызметіндегілер.