|
20.12.2018 | 10:43
2035

Астанада ер адам мас күйде 7 көліктің дөңгелегін жарып кеткен

Астанада ер адам мас күйде 7 көліктің дөңгелегін жарып кеткен

Елордалық полицейлер бірнеше автокөліктің дөңгелегін жарды деген күдікпен 22 жастағы жігітті ұстады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Таяуда әлеуметтік желіде Астанадағы Момышұлы даңғылының бойында орналасқан аулалардың бірінде бірнеше көліктің дөңгелектерін жарып жатқаны сәтінде түсірілген видео пайда болған еді.

Полицейлер қаскөйді көп ұзамай ұстағандарын хабарлады.

«Алматы аудандық Полиция басқармасының криминалдық полиция бөлімінің мамандары бейнебақылау камералары арқылы күдіктінің түр-әлпеті мен жүрген бағытын анықтады», - деді Астана ПД өкілдері.

Күдікті танысының үйінде ішімдік ішіп, үйіне қайтып келе жатқан. Тұрғын үйдің ауласынан өтіп бара жатып, жол бойында тұрақта тұрған көліктердің дөңгелегін себепсіз жара бастаған.

«Жалпы көлемі 7 автокөліктің дөңгелегін жарған. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу шаралары ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 1-бөлігі («Бұзақылық») бойынша жүріп жатыр. Ұсталған жігіттің басқа да қылмыстарға бар жоғы тексеріліп жатыр», - деді Полиция департаментінің өкілдері.



Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир