Қостанайдағы бала ұрлығы: оқиғаның мән-жайы анықталды

02.10.2018 16:15

Қостанайда мектеп маңында бүлдіршін жоғалды деген ақпарат расталған жоқ. Бұл туралы облыстық ІІД мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz.

«1 қазан күні Қостанайдағы полиция бөлімшесіне тұрғын атынан хабар түсті. Белгісіз біреудің бүлдіршінді көлігіне отырғызып, белгісіз жаққа кетіп қалғанын айтады. Бұл оқиғаны хабарлаушының қызы көрген. Полицейлер терксеру жүргізіп, мән-жайды анықтады», – делінген хабарламада.

Полицейлер 43 жастағы азаматты ұстады. Ол «Фольксваген джетт» көлігінің иесі. 1 қазан күні 4 жасар ұлымен дүкеннен шығады. Тергеу бойынша, ұлы көліктің жанында құлап, жылай бастайды. Әкесі оны көтеріп, көлігіне отырғызады. Куәгер қыз дәл осы азаматтың баланы алып кеткенін растады.

Осылайша бала ұрлау ісі расталған жоқ.

Бұған дейін желіде мектеп маңында белгісіз біреудің бүлдіршінді көлігіне қинап отырғызып, ұрлап кеткені туралы ақпара тараған еді.