Лисаков қаласының орталық саябағындағы Пушкин ескерткіші алынып тасталды

18.09.2018 15:50

Лисаковтық «Акцент» телеарнасы хабарлағандай, көптеген қала тұрғыны арна редакциясына қоңырау шалып, әкімдікке «Ұлы ақынның ескерткішін қайда жібердіңдер?» деген сұрақтарын жеткізуді өтінген екен, деп жазады alau.kz.

Телеарна Пушкин ескерткіші аллаеяның ішкі жағына көшірілгенін, сондықтан қазірше ескерткіш тұғыры ғана қалғанын хабарлаған.  

«Көктемнің соңына қарай Сәтпаев аллеясында біршама өзгеріс орын алатыны, оның ішінде, Пушкин ескерткіші де көшірілетіні ескертілген болатын. Монумент 2009 жылы орнатылған. Ескерткішке косметикалық жөндеу жұмыстары жүргізіліп, астыңғы тұсындағы кеспетастары қайта салынады. Айта кетерлігі, Сәтпаев саябағында әлі де бірталай өзгерістер орын алатын болады. Жоспар бойынша саябақ бірнеше аумаққа бөлінген. Бастапқы аумаққа ауған соғысының ардагерлеріне және саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткіштер орнатылады, ортаңғы аумаққа ақындар мен жазушылардың, мәдениет қайраткерлерінің ескерткіштері орнатылады, ол жерде мәдени бұқараға арналған шығармашылық іс-шаралар өтіп тұратын болады. Аллеяны абаттандыру 2019 жылға дейін созылады», – деп хабарлады телеарна.  

Сурет alau.kz.