Атырауда сауда орталығындағы эскалатордан үш адам құлап кетті. Зардап шегушілер аураханаға жеткізілді, деп хабарлайды «Мой ГОРОД»-қа сілтеме жасап Stan.kz басылымы.
Атыраудың «Тамаша» сауда орталығында екі әйел мен бір бүлдіршін эскалатордан зардап шекті. Олар мінген эскалатордың дұрыс жұмыс істемейтіні анықталды.
Бұл туралы зардап шегушінің туысы хабарлады.
«Оқиға 8 желтоқсанда болды. Бір әйелдің қолы мен аяғы жарақаттанып, құлағы жырылып кетті. Туысымның аяғы жарақаттанды. Күзетшілер жедел жәрдем шақырып, зардап шеккендерді алып кетті. Ауруханада жарақатын таңып берді. Туысымның құлағы қайта қанағандықтан, ауруханаға екінші рет баруға тура келді», – дейді жәбірленуші.
Күзетшілер мен сатушылардың айтуынша, бұл эскалатордан құлаған бірінші жағдай емес. Эскалатордың бір жағы ғана жұмыс істейді. Ал, екіншісінде жұмыс істемейтіні туралы анықтап жазылған.
«Ондағы жазуды бәрі оқи бермейді. Біреуі баламен жүреді. Ешкім ескертуді оқып жатпайды. Адам жүре алмастай қоршап тастауға болмай ма?», – дейді жәбір білдіруші.
Сауда орталығы басшылығы эскалатордың бір жағы ғана жұмыс істеп тұрғанын, екіншісі өндірісте тапсырыс арқылы жасалып жатқанын ескертті. Оқиға үшін зардап шеккендерден кешірім сұрады.
Сурет: Postimees.ru