|
27.09.2018 | 10:52
2277

Алматыда жол апатынан екі адам қайтыс болды

Алматыда жол апатынан екі адам қайтыс болды

Алматы қаласында жантүршігерлік жол апаты болып, екі адам қайтыс болды, тағы екі адам зардап шекті, деп хабарлайды sputniknews.kz.

Куәгерлердің айтуынша, Volkswagen Touareg автокөлігі Сүйінбай көшесінің бойымен оңтүстікке қарай қозғалып келе жатқан. Бұрылар сәтте жүргізуші рөлге ие бола алмай, қарама-қарсы бағытта келе жатқан Audi 100 көлігіне соғылады. Кейінгі көлік Сүйінбай көшесімен солтүстік бағытта жүріп келе жатқан.

Қатты соққы салдарынан көлік он метр жерге ұшып кетеді. Жол-көлік оқиғасы салдарынан Audi 100 көлігінде отырған жолаушы көз жұмды. Осы көлікте отырған жүргізуші мен екі кішкене бала ауыр халде ауруханаға жеткізілді. Балалардың біреуі ауруханаға жеткен соң қайтыс болды.

Сондай-ақ, куәгерлер Volkswagen Touareg көлігінің қатты жылдамдықпен жүріп келе жатқанын және жүргізушісінің мас болғанын жеткізді.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир