Фельдшер әйел өзін екі дәрігердің зорлағанын айтты

11.01.2019 15:55

Ресейдің тергеу комитетінің қызметкерлері 40 жастағы фельдшердің арызына қатысты тергеу жүргізіп жатыр, деп жазады Stan.kz.

«Қандай жағдай болмасын, арызда жазылған жайт тексеріледі», – деді Омбы облысындағы тергеу комитетінің қызметкерлері.

40 жастағы фельдшер өзін дәрігерлердің зорлағанын айтты.

Арыз 7 қаңтарда түсті. Зардап шегуші кезекшілік кезінде екі ер дәрігердің  демалу бөлмесінде өзін зорлағанын айтты. Зорлау оқиғасы 1 қаңтарда болған.

10 қаңтар күні Уфадан келген тергеуші үш полицейдің өзін зорлағанын айтып, 30 млн рубль көлемінде өтемақы талап еткен еді.