Қарағанды облысында әкесі ұлын өлтіріп, жедел жәрдем мен полицияға қоңырау шалған

28.12.2018 15:56

Қарағандыда 58 жастағы әкесі 39 жастағы ұлын қылқындырып өлтірді. Бұл туралы Instagram әлеуметтік желісіндегі patriotkaragandy парақшасына жарияланды.

Оқиға Бұқар жырау ауданында болған. Әкесі төбелесіп жатып, ұлының мойнынан қылқындырған. Ал жіберіп қалғанда оның өліп кеткенін көрген.

Осыдан кейін әкесі жедел жәрдем мен полицияға хабарласқан.

«Адам өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Көршілері марқұмның еш жерде жұмыс істемейтінін, қашан көрсе де бос жүретінін айтады.

Дереккөз: sn.kz

Сурет: dpchas.com.ua

Теги: әке