Шымкентте тәртіп сақшылары өз-өзіне қол салмақ болған азаматшаны құтқарып қалды

12.12.2018 15:59

11 желтоқсан күні кешкілік уақытта «Нұрсәт» шағынауданындағы 23 «а» үйдің 5-ші қабатынан 1984 жылғы азаматша секіріп кетпек болды, деп хабарлайды otyrar.kz.

Оқиға орнына дер кезінде жеткен 937 автоэкипаж қызметкерлері Самат Төлепбергенов және Еркебұлан Баратбаев екеуі есікті сындырып кіріп, терезе жақтауында тұрған азаматшаны құтқарып қалды.

Осы кезде туысқандары да жеткен. Әйелдің туысқандары жіті қимылдап ажалдан арашалап қалғаны үшін тәртіп сақшыларына алғыстарын жаудырды. Құқық қорғаушылар өзін өлімге қимақ болған әйелді жедел тергеу тобына өткізді.