«7-20-25» бойынша қарыз алушылардың 60 пайызы ай сайын кем дегенде 100 мың теңге төлейді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Осылайша, ұйымдағылардың мәліметінше, ай сайынғы орташа төлем 80 мың теңге көлемінде. Айта кетейік, «7-20-25» бағдарламасына қатысушылардың 6 пайызы максималдық сома ала алады: 20 миллион теңге - Астана, Алматы, Атырау, Ақтау және Шымкент қалаларының тұрғындары, ал қалған өңірлердегілерге 12 миллион теңге беріледі.
«7-20-25» бағдарламасының мерзімділікке, төлем қабілетіне және қайтарымдылыққа негізделген ипотекалық бағдарлама екенін ұмытпау керек. Ол жұмыс істеп жүрген және серіктес банктерге өзінің төлем қабілетін растай алатын әрбір қазақстандыққа қолжетімді», - деді «Баспана» ұйымының басқарма төрағасы Қайрат Алтынбеков.
24 қазандағы жағдай бойынша, «7-20-25» бойынша мерзімін кешіктірген жағдайлар болған жоқ. Қазақстандықтар 44,5 миллиард теңгеге өтініш қалдырған. Соңғы мәліметтерге сәйкес, «7-20-25» бағдарламасы бойынша 2 513 өтініш мақұлданды.