Салафит ағымында заңсыз насихат жүргізіп жүрген шымкенттік ұсталды

16.10.2018 16:00

Сауд Арабиясында салафит ағымындағы шымкенттік ұсталды. Ол ғаламтор арқылы қазақстандықтар арасында заңсыз насихат жүргізген, деп хабарлайды kyn.kz.

«Салафит ағымын ұстанып, заңсыз миссионерлік бағытта жұмыс істеп жүрген Сарыағаш қаласының тұрғыны Ділмұрат Махаматов ұсталды. Күдіктіні Сауд Арабиясының құқық қорғау органдары қамауға алды. Ол ғаламтор арқылы қазақстандықтар арасында заңсыз насихат жүргізген», – делінген Сарыағаш аудандық Ішкі саясат бөлімінің хабарламасында.

Ділмұрат Махаматовтың желі қолданушылары арасында «Дильмурат Абу Мухаммад» атымен таныс. Ол дінаралық және ұлтаралық алауыздықты қоздырды деп айыпталуда.