Оралда жол апатынан жас жігіт көз жұмды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Оралда жеңіл автокөлік локомотивпен соқтығысып, жас жігіт көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оқиға бүгін түнде «Променад» сауда үйі маңында орын алды. «ВАЗ-2114» автокөлігі бірнеше жүк вагонымен кетіп бара жатқан локомотивпен соқтығысқан.
Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың айтуынша, жедел жәрдемге хабар оқиға болған Сырым Датұлы мен И.Ларин көшелерінің қиылысынан сағат 03.30-да түскен. Жедел жәрдем көлігі алты минуттан кейін жеткенімен, 26 жастағы жігіт оқиға орнында мерт болды. Ашық бас-ми жарақатын алған 25 жасар жігіт қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізілді. Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
06.10.2026 09:30
Елордада бес көлікті жалын шарпыды
06.10.2026 10:00
Алматыда коммуналдық қызметтердің қысқа дайындығы талқыланды
06.10.2026 11:20