ҚР Білім және ғылым министрлігі «Мен ұстазыма алғыс айтамын» атты челленджін бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бастамаға қосылатындар әлеуметтік желі пайдаланушылары ұстаздарына алғыс айтуы керек.
«Акцияға қатысу үшін желі қолданушылары мұғалімдеріне арнаған құттықтауларын фото немесе видеоға түсіріп, Instagram, Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріне #ұстаздаркүні #поздравьсвоегоучителя #деньучителя хэштегтерімен бірге жүктейді. Акция ұстаздар күніне орай ұйымдастырылып отыр және 6 қазанға дейін жалғасады. Басты мақсат - ұстаздарға кәсіби мереке қарсаңында құрмет көрсету», - делінген БҒМ-ның Фейсбуктегі парақшасында.
Министрлік челленджге қатысып, эстафетаны достар арасында таратуға шақырады.