|
11.12.2018 | 11:02
1791

Автобуспен жүру ақысы арзандайтын болды

Автобуспен жүру ақысы арзандайтын болды

Қазақстандықтар қоғамдық көлік үшін бұрынғыдан аз ақша төлейтін болады. Ұлттық экономика министрлігінде қаңтар айынан бастап жол ақысының 5%-ға төмендейтінін хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

Бірақ Қазақстанның барлық өңірінде емес. Қазіргі уақытта республиканың тек 10 аймағы тарифтерді төмендетуге дайын.

«Кейбір өңірлер өз шешімдерін бүгінгі күнде оларда бағаны төмендетуге қор жоқ деп негіздеді. Бірақ, біз бүгінгі таңда бұл мәселені қарастырып жатырмыз. Он облыс барлық бағаны кем дегенде, 5%-ға төмендетеді. Яғни ПИК, қоқыс жинау, жолаушылар көлігі қызметтері. Бұдан басқа, уәкілетті органдар ғаламтор желісіндегі қызметтердің, байланыс бойынша пакеттік деректердің арзандайтынын хабарлады», - дейді ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Серік Жұманғарин.

Тексерулер елдегі 40 монополисттің бағаны негізсіз көтеріп алғанын көрсетті және қазір олар  тарифтерді өтеу арқылы халыққа 28 миллиард 800 миллион теңге қайтарады. Бірақ бұнымен бәрі бітпейді. Тұтынушылардың шағымдарынан кейін 2 жарым миллиардтан астам сома қайтарулары тиіс тағы 15 кәсіпорынды анықтау мүмкін болды. Бұл қазақстандықтарға жыл бойы электр қуаты, газ, су, ПИК қызметтері, байланыс және ғаламторға төмендетілген бағамен төлеуіне мүмкіндік береді. Сондай-ақ, Ұлттық экономика министрлігі монополистердің қайта есептеуден кейін де бағаны көтеруге ешқандай негіздері жоқ екеніне сенімді.

Ал желілерді жөндеу және жаңарту бойынша негізгі жұмыстар аяқталды. Мұнда ұялы операторлар ерекше жомарттық көрсетуді шешті. Ұялы операторлар компаниясы шенеуніктердің тексеруінсіз-ақ тарифтерді төмендетуге ықылас білдірді. Олар тариф құнының жартысын төлей отырып, бірдей қызметтегі пакетті алуға болатын әлеуметтік тарифті енгізуге бастама көтерді.



Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир