Австралияда жолаушылар ұшағының ұшқышы әуеде көзі ілініп, ұйқыға кеткен. Сол себепті 46 шақырымды артық жүріп өткен, деп хабарлайды stan.kz.
Бұл Vortex Air компаниясының Piper PA-31 Navajo ұшағында болған жағдай. Жолаушылардың бәрі аман. Ұшқыш дер кезінде оянып, әуежайға қонып үлгерді. Оқиға 8 қараша күні болғанымен, БАҚ-қа енді ғана жарияланды.
Қазір ұшқыш тексеруден өтіп жатыр. Ұшу кезінде экипажда екі адам болған.
Piper PA-31 Navajo ұшағының 1980 жылдан бері жолаушы тасымалдайды.