Шығыс Қазақстандағы тас жолдардың бірінде сілеусін жортып жүр, деп хабарлайды Алтайньюс.
Дәлірек айтсақ, жыртқыш аң Өскемен-Зырян трассасының бойында жүр. Жүргізушілер оны видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге салған. Видеодан түз тағысының ешкімнен қаймықпай, емін-еркін кетіп бара жатқанын байқауға болады.
Зыряндықтар әлеуметтік желіде бұған еш таңғалмайтындарын жазды. Өйткені, бұл өңірде жыртқыш аңдар жиі ұшырастын көрінеді.
Сурет : altaynews.kz