Еуропа көгінде Air Astana ұшағының дабыл жүйесі іске қосылды

12.11.2018 16:04

Air Astana ұлттық әуе компаниясының ұшағынан ақау табылуына байланысты Португалияға қонуға мәжбүр болды, деп хабарлады ҚР Азаматтық авиация комитеті.

Оқиға жексенбі, 11 қараша күні орын алды, деп хабарлайды sputniknews.kz.

Португалияда техникалық қызмет көрсету орталығында тұрған Эмбраер 190 әуе кемесіндегі техникалық ақаулық дабылы іске қосылған.

Экипаж Бейджа қаласындағы (Португалия) қосалқы аэродромға қонуға шешім қабылдады.

Қону кезінде төтенше жағдай болмады. Бортта экипаж мүшелері ғана болған.

Бірнеше күн бұрын Алматы-Тбилиси рейсін орындаған Air Astana ұшағы ауа райының қолайсыздығына байланысты Ақтауға қонуға мәжбүр болған еді. Ал жерде ұшуды жалғастыруға мүмкіндік бермейтін техникалық ақау табылған.