Ферғана облысы Алтыарық ауданындағы канал бойынан жаңа туған нәрестенің денесі табылған. Жергілікті милицияның хабарлауынша, сәбиді өліп қалғаннан кейін, канал бойына тастап кеткен, деп хабарлайды centralasian.org ақпараттық басылымына сілтеме жасап sn.kz.
«Нәрестенің жарық дүниеге келгеніне небәрі 10 күн болған. Милиция өкілдері оны тұншықтырып, тастап кеткен деп жатыр. Бұл оқиға бүкіл ауылды «аяғынан тік тұрғызды», - дейді куәгердің бірі.
Тергеу барысында жергілікті перзентхананың дәрігерлері сұрауға алынған.
«Қазір тергеу ісі жүріп жатыр. ДНК тесті арқылы баланың анасын анықтап жатырмыз», - деп хабарлады жергілікті милиция өкілі.