|
21.09.2018 | 11:08
2336

Алматыда психиатриялық ауруханадан қашып кеткен үш жасөспірім іздестірілуде

Алматыда психиатриялық ауруханадан қашып кеткен үш жасөспірім іздестірілуде

Алматыда психиатриялық ауруханадан қашып кеткен үш жасөспірім кешеден бері табылмай жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

14 жастағы Маргарита Козлованы анасы дүйсенбі күні Абай мен Сейфуллин қиылысындағы Республикалық психиатриялық денсаулық орталығына жатқызған. Анасы Фаиманың айтуынша, қызының көзіне қос көріне бастаған.

«Сәрсенбі  кешкі 17:00 шамасында 13, 16, 14 жастағы жасөспірімдер ауруханадан қашып кеткен. Олардың қашып шыққан сәті сыртқы бақылау камераларына түсіп қалған. Бірден полицияға хабар берілді.«Боран» экипажы келіп, деректі тіркеді. Содан бері үшінші тәулікке кетіп барады, балалар табылмады. Қасындағы 13 және 16 жастағы бала мен қыз бұрын да қашып үйренген деп естідім. Ал менің қызым үйден шықпайтын. Менің ойымша, ол ана екі баланың  ықпалымен кетті», - деді Фаима.

Маргаританың үстінде жасыл жемпір болған. Шашы сары, ақсары қыз. Анасы көрген адамдар болса, хабарласуларын өтінді.

Қалалық ІІД баспасөз қызметі хабарлағандай, қазір жасөспірімдерді іздестірумен Алмалы аудандық ІІД айналысып жатыр.

«Үш пациент кетіп қалған. Олардың симптоматикасына келсек, оларда дромомания белгілері байқалған. Бұл үйден кетіп қалу, кезбелікке бейімділік дегенді білдіреді. Қазір оларды біздің қызметкерлер  де, полиция да іздестіріп жатыр», - деді Республикалық ғылыми-практикалық психиатриялық денсаулық орталығы бас директорының орынбасары Қуаныш Алтынбеков.

Орталықтың медициналық қызмет сапасын бақылау бөлімінің басшысы Ажар Әбееваның айтуынша, аталған дерек бойынша қазір ішкі тексеру жүріп жатыр.

«Бұл жерде клиникалық хаттамада негізсіз ауытқу дерегі болды ма әлде қызметкерлер міндетін дұрыс атқармады ма, сол мәселелер қаралады. Осы тәртіп бұзушылықтар тіркелген, анықталған жағдайда сәйкесінше шара қабылданады. Бұл жағдайда ішкі тәртіп бұзылған. Менің ойымша, тәрбиешінің назарын әдейі басқаға бұрып, ұрымтал тұсты пайдаланған жасөспірімдер шығып кеткен. Балалардың бірі инициатор болып, қалғаны оның артынан еріп кетуі мүмкін», - деді Ажар Әбеева.  


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир