Алматы облысында көлік жылқыға соғылып, 14 жастағы қыз қайтыс болды

20.09.2018 16:10

Алматы облысында жеңіл көлік жылқыға соғылып, оқиға болған жерде 14 жастағы қыз көз жұмды. Тағы жеті адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Sputnik.


Оқыс жағдай 18 қыркүйек күні Талғар — Ақбұлақ трассасында болды. «Лада» жылқыға соғылып, ағашқа қарай ұшып кеткен. Жеңіл көліктің ішінде үш ересек адам және бес бала отырған. Олардың ішінде біреуі апат болған жерде қаза болды.


Алматы облысы Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі бұл ақпаратты растады. Аталған фактіге сәйкес, ҚР ҚК 345-бап бойынша тергеу жұмыстары тағайындалды.

Зардап шеккендер әртүрлі жарақатпен Талғар аудандық ауруханасына жеткізілді.