Қазақстандықтар көрнекті жазушы Шерхан Мұртазамен қоштасуда

11.10.2018 16:12

Қазақстан халқы Алматыда М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында белгілі қаламгер, жазушы, журналист Шерхан Мұртазаны ақтық сапарға шығарып салуға жиналды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жазушымен бақұлдасуға  зиялы қауым өкілдері, жазушылар, қаламгерлер, Алматы әкімі Бауыржан Байбек, ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы келді.