Денесін өзгерткенді ұнататын Мексиканың Халисо қаласының 23 жастағы тұрғыны Паулина Ландерос жігітіне ерекше сыйлық жасаған. 2015 жылы ол «адамды адам ететін» кіндігін алдырып, сүйіктісі Дэниел Рамиреске сыйлық ретінде ұсынған, деп хабарлайды Stan.kz.
Паулина денені өзгертудің барлық түрлеріне қызығады екен. Ол татуировка, пирсингті ерекше жақсы көреді. Оның омыртқасы түгелдей тесілген, сонымен қатар бойжеткен тілін екіге жырып тастаған.
Оғаш қылықты мексикалық ару бұл өзгерістің бәріне қатты қызығатынын және оның қарапайым адамдардан ерекшеленіп тұратынын айтқан. Өзгелерден ерекшеленгісі келген бойжеткен менеджмент және туризм факультетінде оқиды екен.
«Мен отбасыммен тығыз қарым-қатынаста емеспін. Мен оларға қатты ренжігенмін және барлық адамдармен қарым-қатынасты үзгім келді. Мен өзімді бұзып, қарама-қайшы нәрсе істегім келеді», - дейді Паулина.
Содан Паулина «адамды адам жасайтын» кіндікті алып тастауды шешті. Қыздың айтуынша, оны алып тастау - өзін адам ретінде жоюдың символикалық тәсілі болған.
Отаны кәсіби хирург жасағанына қарамастан, Паулина әрең қалыпқа келген. Дәрігер қызға жараны күтуге қатысты нақты ұсыныстар қалдырмаған. Содан қыз өздігінен отырып тұра алмай, әрең қозғалып жүрген. Ал осы әрекеттердің бәрі ауырсынуды тудырған.
«Жара бірте-бірте жазыла бастағанымен, бәрібір ешқашан толық жабылмайды», - дейді бойжеткен.
Паулина жігітін қатты жақсы көрген. Оны өміріндегі ең маңызды адамдардың бірі санайтындықтан, сүйіктісіне өздерінің махаббаттарының нышаны болу үшін ерекше нәрсе беруді жөн деп шешкен.
«Мен кіндікті пакетке салып, «Сені жақсы көремін» деп хат жазып жібердім. Бұл сыйлығым өте әсерлі болды», - дейді қыз.
Ал Даниэль сүйіктісінің сыйлығын сақтап қойған. Ол бұл сыйлықтың Паулина үшін қаншалықты маңызды екеніне түсіністікпен қараған. Кейінірек ғашықтар айырылысып кетіпті. Қазір олар жай ғана достар болғанымен, қыз өмір бойы бір-бірін жақсы көріп өтетіндерін айтады.
«Мен өзімді анамның орнына қойып көрсем, бұл әрекетіме қатты өкінемін. Бұл оған ауыр соққы болған секілді, себебі, ол өте көңілсіз жүрді», - дейді Паулина.
Қазір Паулинаның отбасымен қарым-қатынасы жақсарған. Паулина өз ісіне қатты өкінеді екен және сол оқиға қазір болса, ешқашан олай жасамас едім дейді. Бойжеткен басынан өткен оқиғаларға қарамастан, осы жағдай оған көп нәрсе үйретті деп санайды.