Қызылорда облысының Қазалы – Сексеуіл темір жол учаскесінде жүк пойызының вагондары жолдан шығып кетті, деп хабарлады «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.
Оқиға болған жерге қалпына келтіру пойыздары жедел жетіп, жөндеу бригадалары қарқынды жұмыс істеді. Осылайша пойыздардың кешігуін барынша азайтып, қозғалысты қалпына келтіру үшін барлық қажетті шара қабылданды.
Оқиғаның себебі анықталып жатыр. Зардап шеккендер жоқ.
Дер кезінде қабылданған шешімдердің арқасында қозғалыс араға 5 сағат 51 минут салып қалпына келтірілді.
Жөндеу жұмыстарын жүргізу барысында №378 «Маңғышлақ – Алматы»; №481 «Ташкент – Самара»; №618 «Астана – Кызылорда» жолаушылар пойыздары кешікті.
Аталған пойыздардың белгіленген пункке жеткендігін теміржол вокзалдарынан білуге болады.