Ақтауда әйел адам көршісінің үйіне екі рет ұрлыққа түсіп, бағалы заттарды қолды қылған

11.10.2018 16:13

Ақтауда әйел адам өз көршісінің пәтерінен қомақты қаржы мен бағалы бұйымдарды ұрлап кетті, деп хабарлайды Today.kz. 

Сотталушы 900 мың теңге мен көршісінің пәтеріндегі шкафта жатқан 211 мың теңге тұратын бағалы бұйымдарды ұрлап кеткен. 

Бірнеше күннен кейін әйел адам ұрлығын қайталап, тағы 47 мың теңгені қолды қылған. 

Соңында ол зат ұрлағаны үшін екі жылға бас бостандығынан айрылды.

 

Теги: Әйел