Индонезияда жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Индонезияның Lion Air әуе компаниясының жолаушылар ұшағы бүгін таңертең апатқа ұшырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Jakarta Post-қа сілтеме жасап.
Jakarta Post ақпараты бойынша, ұшақ жергілікті уақытпен таңғы сағат 6.20-да әуеге көтерілген. 13 минут өткеннен кейін ұшақ радардан жоғалып, онымен байланыс үзілген.
Индонезия құтқару қызметінің ақпараты бойынша, Джакартадан Панкалпинангқа ұшып бара жатқан Boeing 737 MAX 8 ұшағы теңізге құлаған.
Бортта қанша жолаушы және экипаж мүшесі болғаны туралы, сондай-ақ ұшақтың неліктен апатқа ұшырағаны жайлы әзірге нақты ақпарат жоқ.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
03.11.2026 12:40
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
03.11.2026 08:11
SU LAB Street: Алматыда жаңа ғылыми зертханалар көшесі ашылды
02.11.2026 13:10