Қытайда қыз зорлады және оны өлтірді деген айыппен 23 жыл түрмеде отырған жазықсыз ер адам бостандыққа шықты, деп хабарлады sputniknews.kz.
1996 жылы Цзинь Чжэхун 20 жастағы қызды зорлап өлтіргені үшін кейінге қалдырылған өлім жазасына кесілді.
Сотталушы қылмысты азаптау кезінде мойнына алғанын мәлімдеп, үкімге шағымданады, дегенмен сот жазаны өз күшінде қалдырған.
2014 жылы The Paper газеті осы істі тергеумен айналыса бастайды. Содан кейін Қытай билігі істі қайтадан қарауға уәде еткен.
Сотталушының адвокаты қорғауындағы азаматтың кінәсін дәлелдейтін нақты айғақтар жоқ екенін мәлімдеді. Сонымен бірге, істе елеулі сәйкессіздіктер бар. Мысалы, жәбірленушінің денесі темекімен күйдірілгені анықталды, бірақ Цзинь Чжэхун темекі шекпейді екен.
Қылмыстық істі қайта талқылау барысында биыл 50 жасқа толған ер адамның кінәсіз екені анықталды. Бүгін сот одан барлық айыпты алып тастады.